Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда лай көшкіні жүрді

Опубликовано:

Лай көшкіні
Лай көшкіні. Фото: ҚР ТЖМ

Алматыда Медеу ауданында лай көшкіні жүріп, тас жолды жартылай жауып тастады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Медеу ауданында көлемі 60 текше метр, салмағы шамамен 5 текше метр лай сырғып, тас жолды жартылай жауып тастады. Зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында "Казселденқорғау" ММ-нің мамандары жүр.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үй алаптарының иелеріне, бау-бақша және саяжай қоғамдарының басшыларына су құбырлары мен суару құбырларының, септиктердің жағдайын қадағалауды ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086694-almatyda-lai-koskini-oryn-aldy/

pixel