jitsu gif
Оқыс оқиға

    Дубай әуежайын су басты: Air Astana рейстері тоқтатылып, кейінге қалдырылды

    Air Astana ұшағы
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Air Astana өкілдері Дубайдағы су тасқынына байланысты тағы да бірнеше рейс тоқтатылып, кейінге қалдырылғанын хабарлады. Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

    Air Astana Алматы-Дубай-Алматы бағыты бойынша 17 сәуірге жоспарланған КС897/КС898 рейстері Дубай әуежайының жабылуына байланысты тоқтатылатынын хабарлады.

    "Жолаушылар билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады немесе сатып алу орны бойынша құнын қайтара алады", - делінген ресми хабарламада.

    Астана-Дубай бағыты бойынша КС205 рейсі бару пункттегі әуежайдың жабылуына байланысты Фуджейра қаласының әуежайына қонды. Дубайға ұшу уақыты 18 сәуір жергілікті уақыт бойынша 08:20 жоспарланған.

    "Дубай-Астана бағыты бойынша КС206 рейсі жергілікті уақыт бойынша 18 сәуір 10:00-ге ауыстырылды", - деді әуекомпанияның өкілдері.

    Дубайға ұшу кестесінде басқа өзгерістер болған жағдайда әуекомпания қосымша хабарлауға уәде етті. Жолаушыларға әуежайға барар алдында әуекомпанияның ресми сайтында рейстің статусын тексеруді сұрады.

    "Air Astana Дубайдағы қатты нөсерден туындаған қолайсыздықтарға өкініш білдіріп, әуежайдың жұмысы тез уақытта қалпына келетініне үміттенеді", - делінген ресми хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.