Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел жәрдем шақыр" дедім": Нүкенова қайтыс болған күні Байжанов хабарласқан дәрігерден сотта жауап алынды

Опубликовано:

Ерсұлтан Сәрсенбаев
Ерсұлтан Сәрсенбаев. Фото: YouTube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушы Бақытжан Байжанов қайғылы оқиға болған күні жақын араласатын дәрігерге хабарласқан. Бүгін сотта дәрігер Ерсұлтан Сәрсенбаевтан куәгер ретінде жауап алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін сотта Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов мейрамханадағы Салтанат Нүкенованың жағдайы туралы дәрігерге хабарласқанын айтқан.

Сотқа неонатолог Ерсұлтан Сәрсенбаев куәгер ретінде шақырылды. Оның айтуынша, оған Байжанов 9 қарашада сағат 15:00-ден кейін қоңырау шалған.

"9 қарашада түскі астан кейін Байжанов қоңырау шалды, мен ұйықтап жатыр едім (...) сағат 15:33-те ол телефон соғып, адам алколольге мас күйде ұзақ ұйықтай ма деп сұрады. Ол жеңгесі ішімдік ішкенін, оянбай жатқанын айтты. Мен қанша ішімдік ішкенін сұрадым, ол "таңға дейін ағаммен бірге ішкен" деді.

Мен нарколог емеспін, бірақ алкогольге мас болу да қауіпті, "жедел жәрдем шақыру керек" дедім. Ұйқымнан оянған соң, "жедел жәрдем шақырды ма" соны білу үшін телефон соқтым. Ол әлі ұйықтап жатқанын айтты. "Мен есін біле ме, төбелес белгілері бар ма?" деп сұрадым. Бір көзі қызарып тұрғанын айтты. Ол "келе аласың ба?" деп сұрады, мен бара алмайтынымды айттым", - деді дәрігер.

Сонымен қатар Сәрсенбаев Байжановқа ақылы (бағасы шамамен 40 мың теңге болатын) жедел жәрдем шақыруға болатынын да айтқан.

"Мен одан есін жиды ма, жоқ па?" деп сұрағанымда, ол жеңгесі екенін, бөлмеге кіре алмайтынын айтты", - деді дәрігер.

Сәрсенбаевтан "Салтанатты ояту үшін мүсәтір спиртін қолдануға кеңес бердіңіз бе?" деп сұрады, өйткені Бишімбаев бұл туралы бұрын айтқан болатын. Дәрігер мүсәтір спитрі туралы әңгіме болмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086922-zedel-zardem-saqyr-dedim-nukenova-qaitys-bolgan-kuni-baizanov-xabarlasqan-darigerden-sotta-zauap-alyndy/

pixel