Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: полиция із-түзсіз жоғалғандар мен қаза тапқандардың денесін іздестіруде

Опубликовано:

Су тасқыны
Атыраудағы су тасқыны. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бүгін сенат кулуарында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Қазақстанда су тасқыны кезінде адам өліміне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер су тасқыны салдарынан қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды ма деп сұрады.

"Иә, өкінішке қарай, мұндай жағдайлар болды. БАҚ-та кеңінен талқыланды. Абай облысында екі адам, із-түссіз жоғалып кетті. Атырау облысында да адам жоғалды... Абай облысында іздестіру шаралары жалғасуда.

Бірақ осы фактілердің барлығы бойынша қылмыстық істер қозғалды және тергеу қажетті процессуалдық шараларды жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша мұның қалай болғаны, себептері, бұған ықпал ететін жағдайлар, әлдекімнің кінәлі не кінәлі емес екендігі анықталады", - деп жауап берді Марат Қожаев.

Сондай-ақ оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі су тасқыны кезінде із-түссіз жоғалып кету фактісі бойынша 7 қылмыстық іс қозғаған. Олардың барлығына қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086979-su-tasqyny-policiya-iz-tuzsiz-zogalgandar-men-qaza-tapqandardyn-denesin-izdestirude/

pixel