Қостанай облысында өртсөндіргіштің ішінен ерекше зат табылды (видео)
Жарияланған күні:
Қостанай облысында полицейлер ерекше заты бар өртсөндіргішті анықтады – оның ішіне есірткі жасырылған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында жарық көрген ақпаратқа сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 46 жастағы рудныйлықты ұстады.
Полицейлердің мәліметінше, ол адамнан 4 келідан астам гашиш тәркіленген.
"Күдікті есірткінің бір бөлігін туыстарының бірінің пәтеріндегі өртсөндіргіште, қалған бөлігін үйінде сақтаған", - дейді ІІМ өкілдері.
Ведомство өкілдері бұған дейін ол осындай қылмыс жасағаны үшін үш рет сотталғанын атап өтті.
"Қылмыс санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, қазір мүлкі тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді басқарма бастығы Нұржан Ахметов.
Полицияның ақпаратынша, жыл басынан бері облыс полициясы заңсыз айналымнан 32 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1,5 кг синтетика тәркілеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087042-qostanai-oblysynda-ortsondirgistin-isinen-erekse-zat-tabyldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.