Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолалық әйел несие алмаса да банкке 6 млн теңге қарыз болып қалған

Опубликовано:

Ұялы телефон
Фото: pixabay.com

Ақмола облысының тұрғынына жасырын рәсімделген несие алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға әкеп соқтырды. Әйелдің өгей қызы күдікке ілінді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысында 67 жастағы әйел күтпеген жерден банкте алты миллион теңгеге жуық қарызы барын білген. Өзі несие рәсімдемегендіктен, көңіліне күдік ұялап, мұны полицияға хабарлауға бел буған.

Тәртіп сақшылары алаяқтық фактісін тіркеген. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер жәбірленушінің жеке деректеріне өгей қызының қол жеткізгенін анықтаған.

"Бойжеткен банк қосымшасын тіркеп, жәбірленушіні алдап, бет-жүзін сәйкестендіріп, оған несие рәсімдегенін мойындады. Қомақты қаржыға қол жеткізген соң қарыздарын жауып, қалған соманы өз қажетіне жұмсаған", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Осыған байланысты полицейлер азаматтарға тағы да қандай жағдай болмасын жеке деректерін ешкімге бермеу керек екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087309-aqmolalyq-aiel-nesie-almasa-da-bankke-6-mln-tenge-qaryz-bolyp-qalgan/

pixel