Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Қонаев тұрған музей-үй сатылатыны туралы қауесет тарады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дінмұхаммед Қонаевтың музей-пәтері
Дінмұхаммед Қонаевтың музей-пәтері: kunayev.kz

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі сатылады деген қауесет тарады. Мұражай өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар арасында Алматыдағы Дінмұхамед Қонаев атындағы музей-пәтер сатылымға шығарылғалы жатыр деген ақпарат тарады.

Музей өкілдері Instagram желісінде бұл қауесетті жоққа шығарды.

"Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК балансында және мегаполистегі келушілер саны бойынша алдыңғы қатардағы музейлердің бірі болып саналады.

Желіде музей-пәтерді сатуға қатысты таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Құрметті БАҚ өкілдері және желі пайдаланушылары, тексерілмеген әрі жалған ақпаратты жарыса жарияламауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері Алматы қаласында Төлебаев көшесі, 119-үйде орналасқан. Дінмұхамед Қонаев бұл пәтерде 1969-1993 жылдар аралығында тұрған. Музей-пәтерді сәрсенбі және сенбі күндері аралап көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087462-almatyda-qonaev-turgan-muzei-ui-satylatyny-turaly-qaueset-tarady/