Полицейлер атыс болады деген хабарламадан кейін Астана мектептерін тексерді (видео)
Жарияланған күні:
Астана полиция департаменті әлеуметтік желіде білім беру ұйымдарында жаппай атыс болатыны жайлы ақпарат тараған соң елорда мектептерін тексерді, деп хабарлады Астана қаласы полиция департаменті ресми Instagram-дағы парақшасында.
"Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдары тиісті қызметтермен тексерілді", - делінген хабарламада.
Полицейлер тұрғындардан тыныштықты сақтауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Сондай-ақ полицейлер көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087591-policeiler-atys-bolady-degen-xabarlamadan-keiin-astana-mektepterin-tekserdi/