Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Әблязовке қатысты іс бойынша жерлер Қазақстан азаматтарына қайтарылды

Опубликовано:

Мухтар Аблязов
Мухтар Аблязов. Кадр из видео: tiktok.com/@ablyazov_mk1

Жамбыл облысында сот шешімі бойынша "БТА Банк" АҚ мен Мұхтар Әблязовке қатысты іс бойынша заңсыз иемделген 16 жер тұрғындарға қайтарылды. Бұл туралы Жамбыл облысының сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың "Ноғайбай-Kazexim" ЖШС-нің ЖСО-ның электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттамаларын заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы Тараз қалалық сотының 2018 жылғы 13 шілдедегі шешіміне келтірген апелляциялық өтінішхаты бойынша істі қарады", - делінген іс материалдарында.

Соттың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, сот 2006 жылы "БТА Банк" АҚ мен "Қазэксим" ЖШС арасындағы кредиттік шарт негізінде жалпы көлемі (ауданы) 14 мың гектардан асатын 16 жер учаскесі "Қазэксим" ЖШС-нің қарызын қамтамасыз ету үшін Банкке кепілге берілгенін анықтады.

Жер пайдаланушылары несие шарты мен жер учаскелерінің кепілге берілгені туралы 2010 жылдың қыркүйегінде ғана білген.

Сот мәліметіне сүйенсек, 2010 және 2017 жылдардағы сот үкімдерімен "Қазэксим" ЖШС бас директоры, М.К.Әблязов және т.б. ұйымдасқан топ мүшелері сотталды. Олардан банктің пайдасына материалдық залалдың едәуір сомасы өндірілген.

Борышты қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамағанына байланысты 2011 жылы Жамбыл облысының прокуроры "БТА Банкі" АҚ-ның мүддесі үшін сотқа талап арызбен жүгінген.

Сол себепті 2011 жылғы соттың шешімімен "Қазэксим" ЖШС-ден банктің пайдасына жауапкерлердің мүлкінен 3 млрд теңгеден астам қарыз өндірілген.

2016 жылдың қыркүйегінде ЖСО атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалып, "Қазэксим" ЖШС кепілге қойылған мүлкіне өндіріп алу бойынша атқарушылық әрекеттері жасалды.

2018 жылы аукциондық сауда-саттық жүргізіліп, 5 жер учаскесі сатылып кеткен.

"Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімі заңсыз деген шешімге келді, себебі ол жер учаскелері "Қазэксим" ЖШС-ге заңсыз берілгенін анықтап, осыған байланысты жер учаскелері Қордай ауданының тұрғындарына қайтарылуға тиіс деп тапты", - деді судья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087603-muxtar-ablyazovke-qatysty-is-boiynsa-zerler-qazaqstan-azamattaryna-qaitaryldy/