Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жағалаудағы бөгеттен құм толы қаптар ұрланды

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқынына қарсы шаралар. Фото: ТЖМ

Атырауда жағалаудағы бөгеттерден құм салынған қаптарды ұрлаған бес күдікті ұсталды. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жедел штабтың Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, 18 сәуір сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ұрлағандар ұсталды.

"42, 32, 37, 38 жастағы төрт ер адам мен 34 жастағы әйел алдын ала ақылдасып, құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған", - делінген хабарламада.

Олардың үстінен ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087681-atyrauda-zagalaudagy-bogetten-qum-toly-qaptar-urlandy/

pixel