jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері 32 градусқа дейін ыстық болатынын айтты

бүршік атқан ағаш
Бүршік атқан ағаш. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, кей өңірлерде күн 32 градусқа дейін ыстық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, антициклон сілемі еліміздің басым бөлігінде күн райының жауын-шашынсыз болуына әсер етеді.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.

Күндіз ауа температурасы батыста және оңтүстікте 25-32 ºC-қа дейін, солтүстік пен орталықта 20-28ºC-қа дейін, республиканың шығысында 17-25 ºC-қа дейін көтеріледі.

Синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері 32 градусқа дейін ыстық болатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.