Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Алматы қаласы мен Қазақстанның екі облысында арнайы операция жүргізді (видео)

Опубликовано:

ҰҚК операциясы
ҰҚК операциясы. Фото: ҰҚК

17 сәуірде ҰҚК прокуратура органдарымен бірігіп, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

"Тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Қазір ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087837-uqk-almaty-qalasy-men-qazaqstannyn-eki-oblysynda-arnaiy-operaciya-zurgizdi-video/

pixel