jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Еуропалық одақ Қазақстандағы тасқын судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жібереді

Гуманитарлық көмек
Гуманитарлық көмек. Фото: AFP / Getty Images

Қазақстанның бірнеше облысында болған су тасқынына байланысты Еуропалық одақ зардап шеккен отбасыларға 200 000 еуро көлемінде гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропалық одақ матрастар мен төсек-орын жабдықтары, көп мақсатты ақшалай қаражат пен гигиеналық материалдар сияқты тұрмыстық заттарды гуманитралық көмек ретінде жеткізеді.

"Алдағы үш ай ішінде көрсетілетін гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен 5 мың адамға жіберіледі. Алдымен мүгедек немесе қарт адамдары бар отбасыларға, үш баладан көп баласы бар отбасыларға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.

Қаржыландыру - ЕО-тың Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясының Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету қорына жалпы жарнасының бөлігі", - делінген хабарламада.

Еуропалық Одақ өкілдігінің мәліметінше, гуманитарлық көмек және азаматтық қорғау департаментінің жұмысы аясында Еуропалық одақ жыл сайын соғыс мен табиғи апаттардың құрбандарына беріледі.

Еуропалық одақ Қазақстандағы тасқын судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жібереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.