Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында полицейлер мектепте атыс болады деп хабарлама жіберген авторды анықтады

Опубликовано:

Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп, атыс болады деп хабарлама жіберген тоғызыншы сынып оқушысын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Басылым мәліметінше, жасөспірім Telegram-да анонимді арна ашқан.

Онда 21 сәуірде Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.

Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған.

"Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 19 сәуірде белгісіз біреу елордалық мектепте атыс шығаратыны туралы желіде хабарлама жіберген, бұған қатысты полицейлер жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088098-atyrau-oblysynda-policeiler-mektepte-atys-bolady-dep-xabarlama-zibergen-avtordy-anyqtady/

pixel