25 кг "синтетика", 1 тоннаға жуық прекуссор: ҰҚК тағы бір есірткі зертханасын анықтады (фото)
Жарияланған күні:
Алматы облысында психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхананы ұйымдастырды деген күдікпен қазақстандықты ұстаған.
Тінту барысында 25 кг жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі сомадағы қаражат тәркіленген.
"Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088197-25-kg-sintetika-1-tonnaga-zuyq-prekussor-uqk-tagy-bir-esirtki-zertxanasyn-anyqtady-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.