Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек жіберді (фото)

Опубликовано:

Өзбекстан жіберген гуманитарлық көмек
Өзбекстан жіберген гуманитарлық көмек. Фото: t.me/hidoyatov_bsh

Өзбекстан билігі су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Ірі габаритті 15 жүк көлігінде азық-түлік, әйелдер, балалар және ерлердің сыртқы киімдері, көрпе, жамылғы, жастық, гигиеналық құралдар, арнайы құрал-жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайықтар жинақтары және басқа да қажетті тауарлар бар", - делінген Өзбекстан үкіметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088242-ozbekstan-su-tasqynynan-zardap-sekken-qazaqstandyqtarga-komek-ziberdi/

pixel