Бурабай көлінің жағасындағы "кристалдар" қазақстандықтарды таңдай қақтырды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Ақмола облысындағы Бурабай саябағының аумағында түсірілген кадрлар пайда болды. Таңғаларлық әдемі кадрларда көл жағасындағы "кристалдар" бейнеленген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram желісіндегі Бурабай мемлекеттік табиғи саябағының ресми парақшасында көл жағасындағы кристалдар бейнеленген видео пайда болды.
Мұны көрген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмаған.
"Қандай әдемі", - дейді оқырмандардың бірі.
Айта кету керек, саябақтың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның солтүстігінде Ақмола облысында орналасқан.
"Бурабай" сирек кездесетін ерекше табиғаты бар географиялық орын ретінде кеңінен танымал. Бурабай трактінің беті қазақтың ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы аймақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088281-burabai-kolinin-zagasyndagy-kristaldar-qazaqstandyqtardy-tandai-qaqtyrdy-video/