jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бурабай көлінің жағасындағы "кристалдар" қазақстандықтарды таңдай қақтырды

Бурабай жағасындағы "кристалдар"
Бурабай жағасындағы "кристалдар". Видеодан кадр: instagram.com/parkburabay

Желіде Ақмола облысындағы Бурабай саябағының аумағында түсірілген кадрлар пайда болды. Таңғаларлық әдемі кадрларда көл жағасындағы "кристалдар" бейнеленген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі Бурабай мемлекеттік табиғи саябағының ресми парақшасында көл жағасындағы кристалдар бейнеленген видео пайда болды.

Мұны көрген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмаған.

"Қандай әдемі", - дейді оқырмандардың бірі.

Айта кету керек, саябақтың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның солтүстігінде Ақмола облысында орналасқан.

"Бурабай" сирек кездесетін ерекше табиғаты бар географиялық орын ретінде кеңінен танымал. Бурабай трактінің беті қазақтың ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы аймақ.

Бурабай көлінің жағасындағы "кристалдар" қазақстандықтарды таңдай қақтырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.