Семейде жоғалған екі азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомСемейде жоғалған інілі-әпкелі Әбішевтерді іздеу жұмыстары жалғасып отыр. Олар 7 сәуірде үйден шығып, оралмаған. Әзірге Әбішевтер қайда екені белгісіз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дереккөз ақпараты бойынша, 2005 жылы туған Алтынай Әбішева мен 2008 жылы туған Абзал Әбішев 7 сәуірде күндіз шамамен сағат үште Семейдің Шығыс сол жақ ауылының үйлерінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған.
Абай облысы полиция департаменті Telegram арнасының ақпараты бойынша, Семейде полицейлер мен құтқарушылар жоғалған інілі-әпкелі Әбішевтерді іздеуді жалғастырып отыр.
"Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұған дейін полицейлер Алтынайдың белгілерін жариялаған болатын: бойы 160-165 см, арық денелі, шашының түсі қара. Үстіне тізеге дейін созылатын жасыл болон күртесін, қара футболка және қара кроссовки киген.
Абзалдың белгілері: бойы 175-180 см, арық денелі, шашы ақшыл, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстіне жеңсіз қара түсті жилет, көк футболка, қара джинсы шалбар, қара түсті кроссовки киген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088431-semeide-zogalgan-inili-apkeli-ali-izdestirilip-zatyr-video/