Семейде жоғалған екі азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Семейде жоғалған інілі-әпкелі Әбішевтерді іздеу жұмыстары жалғасып отыр. Олар 7 сәуірде үйден шығып, оралмаған. Әзірге Әбішевтер қайда екені белгісіз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дереккөз ақпараты бойынша, 2005 жылы туған Алтынай Әбішева мен 2008 жылы туған Абзал Әбішев 7 сәуірде күндіз шамамен сағат үште Семейдің Шығыс сол жақ ауылының үйлерінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған.
Абай облысы полиция департаменті Telegram арнасының ақпараты бойынша, Семейде полицейлер мен құтқарушылар жоғалған інілі-әпкелі Әбішевтерді іздеуді жалғастырып отыр.
"Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұған дейін полицейлер Алтынайдың белгілерін жариялаған болатын: бойы 160-165 см, арық денелі, шашының түсі қара. Үстіне тізеге дейін созылатын жасыл болон күртесін, қара футболка және қара кроссовки киген.
Абзалдың белгілері: бойы 175-180 см, арық денелі, шашы ақшыл, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстіне жеңсіз қара түсті жилет, көк футболка, қара джинсы шалбар, қара түсті кроссовки киген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2088431-semeide-zogalgan-inili-apkeli-ali-izdestirilip-zatyr-video/