Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО аудандарында қар қоры мен судың мөлшері төмендеп жатыр

Опубликовано:

Қазақстандағы су тасқыны
Қазақстандағы су тасқыны. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

ШҚО аудандарында қар қоры мен ондағы судың мөлшері төмендеп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ТЖД өкілі мәлімдеді, жағдай тұрақты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпараты бойынша, ШҚО-да жағдай тұрақты. Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысы ерігендіктен өңірде су тасқынының екінші толқыны басталды.

Бүгінгі таңда қар жамылғысының ауданы ШҚО-ның 44 пайызын алып отыр.

"Көптеген ауданда қар қоры мен ондағы су мөлшерінің төмендеуі байқалған. Барлық гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істеп тұр және қатаң бақылауға алынды. Су тасқыны жағдайын бағалау үшін тұрақты түрде аэровизуалды тексерулер жүргізіледі.

Жедел топтар күн сайынғы мониторингті жалғастырып жатыр. ЖАО арналарды, арықтар мен көпірлерді тазарту бойынша жұмыстарды толық аяқтады. Барлық қызметтің жұмысы үйлестірілген", - деді Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің маманы Нұрболат Өтеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088479-sqo-audandarynda-qar-qory-men-sudyn-molseri-tomendep-zatyr/

pixel