Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерге аттанып, артынша ұшты-күйлі жоғалып кеткен атыраулық сарбаз 28 жылдан кейін анасымен қауышты (видео)

Опубликовано:

Сарбаз
Сарбаздың аяқ киімі. Көрнекі фото: pixabay.com

28 жыл бұрын Атырау облысынан әскерге аттанған жігіт Алматы облысынан табылды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлайды.

Бұл жайтты басылымға Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты Есенбай Нұров растаған.

"Біздің аудандағы Ойыл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылынан Бейбіт Қозыбаев 1996 жылғы күзде әскерге шақырылған еді. Сол кезде мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы едім. Ол бастапқыда Батыс Қазақстан, кейін Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде борышын өтеген.

Бірақ кейін отбасына оралмай, хабар-ошарсыз кетті. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз. Анасы Маржан апай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ай сайын келіп, ұлының хабарын біліп беруді жиі сұрайтын еді. Баласын бір көруді аңсаған ана "Бармысың, бауырым" бағдарламасы арқылы да іздеу салды", - дейді Есенбай Нұров.

Оның айтуынша, 28 жыл бұрын әскерге аттанған Бейбіт Қозыбаев 1977 жылы туған. Жақында ол сыныптастарымен TikTok желісі арқылы байланысқа шыққан.

"Бұл жаңалыққа бәріміз қуандық. Әсіресе, анасының, туыстарының қуанышында шек жоқ. Оны әскерге шақырған менің де мойнымнан ауыр жүк түскендей болды.

Қазір Бейбіт Қозыбаев Алматы облысындағы Байсерке ауылында тұрады екен. Үйленген, 4 баласы бар. Осы кезге дейін хабар-ошарсыз жүргені үшін Бейбітті кінәлаудың жөні жоқ. Өмірде түрлі жайт болуы мүмкін. Ең бастысы, ол аман-есен табылды.

Анасы Маржан апай Байсерке ауылына барып, ұлымен кездесті. Бейбітті маңдайынан иіскеп, құшағына басты. Сарғайған сағынышын басты", -дейді Есенбай Нұров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088734-askerge-attanyp-artynsa-usty-kuili-zogalyp-ketken-atyraulyq-sarbaz-28-zyldan-keiin-anasymen-qauysty-video/

pixel