Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: ТЖМ қанша қазақстандық үйіне оралғанын баяндады

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: Ақорда

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы су тасқынына қатысты қазіргі жағдай қандай екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік ақпаратына сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдайы бойынша Қазақстанда 23 085 адам үйлеріне оралған.

"11,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. 4554 тұрғын үй мен 2767 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ өкілдерінің айтуынша, су тасқыны кезінде жедел желі телефонына 2132 қоңырау келіп түскен.

Еске салайық, Жайықтағы су қауіпті деңгейден асқан болатын. Бүгін Оралды тасқыннан қорғау үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088812-tzm-eldegi-su-tasqyny-zagdaiy-qandai-ekenin-bayandady/

pixel