Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осыған дейін еш жерде жарияланбаған": тарихшылар Жошы хан туралы тың дерек айтты

Опубликовано:

Жошы хан кесенесі
Жошы хан кесенесі. Фото: archaeology.kz

Жезқазған қаласында Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай танымал ғалымдар бас қосқан жиын өтті, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, екі күнге созылған іс-шарада Жошы ұлысының тарихы бойынша жаңадан жарық көрген ғылыми зерттеулер мен мәдени мұра нысандарын насихаттау барысы талқыланды

Жошы ұлысының бізге белгілісі тек жылнамалық тарихы ғана. Оның саяси, мәдени, әдеби тарихы әлі зерттелмей жатыр. 8 ғасыр бұрынғы тарихты сөйлету үшін арнайы құрылған Жошы ұлысын зерттеу ғылыми-зерттеу институты бірнеше жобаны қолға алды. Қазір Ұлық ұлыс туралы түркі, шағатай, парсы тілдерінде жазылған еңбектер зерттеліп жатыр.

"Тарихи гузадин нусрат-наме" жинағында осыған дейін еш жерде жарияланбаған деректер кездеседі. Соның бірі – Жошы ханның балаларына қатысты. Аталған еңбекті зерттей келе Жошының біз білмейтін де ұлдары болғаны анықталды", - дейді Жошы ұлысын зерттеу ғылыми-зерттеу институтының хатшысы Әйгерім Жұмабаева.

Жошы есіміне байланыстыра отырып, Ұлытауды тарихи туризм орталығына айналдыру алғышарттары 2019 жылдан бері қолға алына бастады. Жошы мазарының жанынан үлкен кешен бой көтерді. Қазір Жезқазғанмен жалғайтын жол салынып жатыр. Ғалымдар ендігі меже – ақпараттық насихат дейді.

"Қанша жерден тарихи ескерткіштер болғанымен де оны көрсете білу үшін жарнама, ролик керек. Ең бастысы қызыққан адам келген кезде сол шаршамай табиғатқа қарап ләззат алып, келесі жолы қасына бірнеше адамды ертіп келемін деген сезіммен кету керек. Тек қана дүниежүзі емес, Қазақстанның өзінен Жошы ханды, Алаша ханды білем деушілер 100 есе артқан болар еді", - дейді тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088818-osygan-deiin-es-zerde-zariyalanbagan-tarixsylar-zosy-xan-turaly-tyn-derek-aitty/

pixel