Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында су қоймасында жарық пайда болды деп жалған ақпарат таратқан адам жазадан құтылды

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: Aleksandr Zubkov / Getty Images

Қостанай облысында Қаратомар су қоймасында жарықшақ пайда болғаны жайлы жалған ақпарат тараған еді. Аталған дерекке қатысты іс қаралды, бірақ ер адамның іс-әрекетінен қылмыс белгілері табылған жоқ, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысы сотының Facebook парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қостанай аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2 бабының 3-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Ер адамға қатысты WhatsApp қосымшасында Қаратомар су қоймасындағы жарықшақ пайда болғаны жайлы жалған дауыстық хабарлама таратқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

"Онлайн платформа пайдаланушыларының белгісіз саны үшін ақпаратты қоғамдық қауымдастықтарға орналастыру дерегі расталмаған. Дауыстық хабарлама WhatsApp қосымшасындағы топқа жіберілді, оған қатысушылар тек оның жақын туыстары болған. Бұл топқа басқа адамдар кіре алмады", - делінген облыстық сот хабарламасында.

19 сәуірдегі сот қаулысы бойынша облыс тұрғынына қатысты іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық анықталмағанына байланысты тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088830-qostanai-oblysynda-su-qoimasynda-zaryq-paida-boldy-dep-zalgan-aqparat-taratqan-adam-zazadan-qutyldy/

pixel