Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті": Аймағамбетов мектеп директорларына салынатын айыппұл туралы айтты

Жарияланған күні:

Асхат Аймағамбетов
Фото: facebook.com/askhat.aimagambetov

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім және медицина салаларындағы құқықбұзушылықтар мәселесін көтеріп, Telegram арнасында жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мектеп, аурухана, балабақша, колледж сияқты бюджеттік мекемелердің директорларына жүз мыңдаған айыппұл салу проблемасы ушығып барады. Кейін сол 500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті ғой", - деп жазды бұрынғы оқу-ағарту министрі Telegram-дағы арнасында жарияланған жазбасында.

Оның айтуынша, құзыретіне жатпайтын, яғни тікелей әсер ете алмайтын мәселелер үшін айыппұл салуды тоқтату қажет.

"Мектеп директорларын мектептің үш ауысымды болғаны үшін немесе құрал-жабдықтары мен лабораториялары жеткілікті деңгейде болмағаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүрлеу әділетсіз.

Егер мектеп үш ауысымды болса, бұл директордың кінәсі емес, әкімшіліктің кемшілігі. Бұған қоса, мемлекет тарапынан мектептердің жеткіліксіз қаржыландырылуы да осы мәселелерге әкеледі", - деп жазды Аймағамбетов.

Сондай-ақ Аймағамбетов медицина қызметкерлері өз мамандығынан тыс жұмыстармен айналысуға мәжбүрленген, қажетсіз есептер талап етілгені жағдайда жауаптыларды жауапқа тарту құзыретін Денсаулық сақтау министрлігінің комитетіне беруді ұсынды.

"Кезінде біз дәл осындай шешім қабылдап, соның арқасында қағазбасылықпен, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тарту проблемасымен күрес нәтижесін берген болатын. Сонда біз мыңдаған заңды бұзған басшыларды жауапкершілікке тартып, осылайша беттерін қайтарып, жағдайды өзгерткенбіз. Тиісті түзетулерді бердік", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089037-kimnen-zinaityny-aitpasa-da-tusinikti-aimagambetov-mektep-direktorlaryna-salynatyn-aiyppul-turaly-aitty/