Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Бишімбаев телефонын сотта зерттеуге келісімін берді

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаев телефонының құпиясөзін беріп, оны көрсетуге келісті. Бұл туралы Бишімбаевтың адвокаты айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

22 сәуірде сағат 14:30-да Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы тікелей эфирде жалғасты.

Бұған дейін Бишімбаев тек қорғаушыларына ғана кұпиясөзді беретінін айтқан еді.

"Бишімбаев телефонының құпиясөзін беруге келіседі, ол сотқа телефонын тексертуге мәжбүр", - деді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

Айыптаушы тарап пен жәбірленушілердің адвокаттары өтінішті қолдады. Ал жәбірленушінің өкілі Игорь Вранчев телефонның IMEI кодын тексеруді сұраған.

"Мен сізден қолыңыздағы телефонның IMEI кодын және одан жойылған файлдарды тексеруді сұраймын. Өйткені бейсенбіде өткен сот отырысынан кейін телефонның қорғаушылардың қолында екенін байқадық. Қорғаушы тарап сол кезде не істегені бізге белгісіз", - деді жәбірленуші тараптың адвокаты.

Экс-министр Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан сот залына БАҚ өкілдері қайта кіргізілді.

Сондай-ақ ҰҚК қызметкерлері Бишімбаевтың телефонындағы құпиясөзді аша алмағаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089043-quandyq-bisimbaev-telefonyn-sotta-zertteuge-kelisimin-berdi/

pixel