jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Найзағай, жаңбыр": алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстаған тұрғын
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 23-25 сәуірге арналған еліміздегі ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклоны әсер етіп найзағай ойнап, жаңбыр күтіледі.

25 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Мамандар апта басында еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжады.

Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде -1...+8 градус суық, ал күндіз +3...+13 градус жылы болады.

Қазақстаннның орталығында түнде 0...+5 градусқа төмендесе, күндіз +5...+15 градус жылы болады деп күтіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.