jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Нүкенованың өлімі: сотта Бишімбаевтың телефонындағы жантүршігерлік видеолар көрсетілді

Бишімбаев соты
Бишімбаев соты. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефоны зерттеліп жатыр. Бүгін сотта бұрынғы ұлттық экономика министрінің телефонындағы бейнежазбалар көрсетілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Судьяның айтуынша, аталған видеожазбалар 9 қараша күні түсірілген. Бейнежазбалардың бірінде түсініксіз дыбыстар шығып жатқанын естуге болады. Оған қоса видеода Қуандық Бишімбаевтың дауысына ұқсас ер адам бейәдеп сөздермен бір затты іздеуді талап етіп жатқаны да естіледі.

Судья бейнежазбада Салтанат Нүкенованың перденің астынан бір нәрсені іздеп отырғанын айтты. Сонымен қатар марқұм келіншектің "Саған не керек?" деп сұрағаны да естіледі.

Қалған бейнежазбаларда Бишімбаев одан басқа ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін мойындауды талап етеді. Экс-министр Нүкеноваға бір сұрақты қайталап қоя береді. Марқұм келіншек "болашақ балаларымен" ант етуге мәжбүр болады.

"Барлық видеода Нүкенова қара түсті күртеде, күртенің ішінде басқа киім жоқ", - дейді судья.

Алайда сотталушының өзі бұл видеоның шынайы екенін мойындаудан бас тартты.

"Бұл монтаж болуы керек. Менің WhastsApp қосымшамды ашып, сонда жүктеген болар", - деді Бишімбаев.

Одан кейін көліктегі видео көрсетілді. Ол кадрларда да Бишімбаев Нүкеноваға сол бір сұрақты қоя береді. Судья бейнежазбада Салтанат Нүкенованың қанға боялған жейдесін көрсетіп жатқанын айтты.

"Бишімбаев мына видеоларды қалай түсіргеніңізді білесіз ба? Мында 12 бейнеажазба бар", - деді судья.

"Бұл мүмкін емес. Мен бұл бейнежазбаларды көрсем деймін. Бәлкім менің даусым монтажбен қойылған шығар", - деді ол.

Нүкенованың өлімі: сотта Бишімбаевтың телефонындағы жантүршігерлік видеолар көрсетілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.