Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тегін таратып берсе ғой": Павлодар облысында тонналаған картоп қоқысқа тасталғаны рас па

Опубликовано:

картоп
Картоп. Видеодан кадр: Telegram/egovpress

Әлеуметтік желіде Павлодар облысы аумағында тонналаған картоп қоқысқа тасталды делінген видео тарады. Видео авторы көкөністі мұқтаж елге таратып бермеді деп әкімдікті сынаған. Бұған Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Telegram желісінде пайда болған бейнежазба сипаттамасында тау болып үйілген картоптың Павлодар облысы аумағында жатқаны жазылған. Кадр сыртындағы ер адам жеуге жарамды тонналаған картопты сиыр таптап жүргенін айтады.

"Обалын-ай, сиыр таптап жүр. Осыны Қазақстанға тегін таратып жіберсе ғой. Қанша отбасы осыны ала алмай, ақшасы жетпей отыр. Қанша тонна жатыр ғой мына жерде, анау жерге дейін", - дейді автор.

Бұл бейнежазбаға қатысты портал тілшісіне Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері түсініктеме берді. Олар аталған видео Павлодар облысы аумағында түсірілмегенін айтты.

"Аймақта тұқымдық картоптың толық сатылғандығы ресми түрде расталды. Бүгінгі таңда ірі көкөніс қоймаларында сақталған картоп бүлінбеген және толығымен сатылды. Бұған дейін, 2024 жылы 17 сәуірде Павлодар ауданының Заря ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қыс кезеңінде сақталғаннан кейін тұтынуға жарамсыз және мал азығы ретінде де пайдалануға жарамайтын шіріген картоп қалдықтары шығарылды. Бұл қалдықтар ҚТҚ полигонының шекарасында орналасқан және олардың көлемі 2-3 тоннадан аспайды", - делінген хабарламада.

Ал бұл жолы желіде тараған видео, басқарма өкілдерінің айтуынша, Павлодар облысы аумағында түсірілмеген.

"Павлодар облысының аумағында тұтынуға жарамды картоп төгілді делінген бейнежазбадағы ақпарат бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындарға барып, тексеріс жүргізді. Нәтижесінде мұндай ірі көлемде картоп төгу факттері анықталған жоқ. Бұл бейне шындыққа жанаспайды және Павлодар облысының аумағында түсірілмеген", - дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089172-tegin-taratyp-berse-goi-pavlodar-oblysynda-tonnalagan-kartop-qoqysqa-tastalgany-ras-pa/

pixel