Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев Нүкенованы қорлағанын және телефондағы видеоны өзі түсіргенін мойындады

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотта Қуандық Бишімбаевтың телефонына түсірілген видеолап көрсетілді. Ол сотта телефонынадағы видеоларды өзі түсіргенін мойындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Судьяның "видеоны өзіңіз түсірдіңіз бе" деген сұраққа Бишімбаев видеоны өзі түсіргенін мойындады. Бишімбаев есінде қалмаса да, бірақ видеоны өзі түсіргенін айтты.

Судья қан жұққан жейде туралы сұрағанда, ол Нүкенова мұрнынан қанды сол жейдеге сүрткенін айтты. Сондай-ақ оның сөзінше, соңғы видеода Салтанат ұйықтап қалған.

Видеоны не үшін түсіргенін сұрағанда, Бишімбаев оны масқаралағысы келгенін жеткізді.

"Бұл біртүрлі болып көрінер, бірақ мені сондай жағдайға жеткізді. Мені масқаралаған соң, соған берген жауабым болды. Бейәдеп сөздер айтты, бергенімнің бәрін лақтырып тастады, унитазға тастап, сумен ағызып жіберді. Алты сағатта соның бәрі жиналды. Сағат 7.16-да лифттен шыққанда балағаттады, есімді жиятын жағдайда болмадым", - дейді Бишімбаев.

"Сіз оны қорлағаныңызды растайсыз ба?" - деп сұрады судья.

"Мына видео бойынша "иә". Некеге дейінгі жағдайлар біздің өмірімізде қиындықтар тудырды. Не істеп жатқанымды түсіндедім. Масқаралаған соған берген жауабым болды", - деп қосты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089187-bisimbaev-nukenovany-qorlaganyn-zane-telefondagy-videony-ozi-tusirgenin-moiyndady/