Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында "суға батып кетті" деген ер адам аман-есен табылды

Жарияланған күні:

Іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары. Видеодан кадр: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында Жабай өзені тасыған су басқан учаскеде 21 сәуірде ер адам жоғалып кеткені белгілі болды. "Суға батып кетті" деген күдікпен іздестірілген ер адам 22 сәуірде аман-есен табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға Атбасар ауданында болған. Жабай өзенінің тасуы салдарынан пайда болған су басқан учаскеде 1977 жылы туған ер адам суға батып кетті деп, оны іздеп табу үшін 21 сәуірде Ақмолалық құтқарушылар шақырылған болатын.

"Іздеудің бірінші күні еш нәтиже бермеді. Бірақ, 22 сәуірде таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі және аман-сау табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көргеніне қуанған", - делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрғақ жерге жеткізді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам бұталардың арасында бір жарым күн отырған.

"Ер адам су басқан учаскеге не үшін және қалай барғаны қазір Атбасар ауданының полиция бөлімінде анықталып жатыр", - деді құтқарушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089223-aqmola-oblysynda-suga-batyp-ketti-degen-er-adam-aman-esen-tabyldy/