Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мың алғыс": Балжан Бидаш су басқан аймақтарға қатысты өз пікірін айтты

Жарияланған күні:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

Отандық эстрада жұлдызы Балжан Бидаш су басқан аймақтарда қатысты өз пікірін айтты.Ол тілегін Instagram парақшасында жазды.

Әнші әңгімесін су басқа аймақтарға көмектесу мақсатында өткен концерттен бастады.

"Қазыбек Құрайыш су тасқыннан зардап шеккен ағайынға қолдау көрсетейік деп концерт туралы сөз бастағанда бірден келістім. Себебі, осы наурыздың соңында алғаш жаңалық естігеннен елді де әрбірімізді де уайым басты", - деді ол.

Балжан Бидаш дәл қазір су басқанр аймақтарда қызмет етіп жатқан мамандарға алғыс айтуды ұмытпады.

"Сол апатты аймақтарда жүгіріп жүрген құтқарушыларға, дәрігерлерге, волонтерлар мен әскерилерге, бей-жай қарамаған баршаға осы ретте мың алғыс. Біздің біріккен күшіміздің қаншалықты екеніне, рухымыздың қаншалықты мықты екеніне көз жеткізіп жатырмын… лайым мықтылығымыз сынға түспесін", - деп түйіндеді жстрада жұлдызы.

Көпшілік Балжанның жазбасына пікір білдіріп, елімізде тек тыныштық орнағанын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088842-myn-algys-balzan-bidas-su-basqan-aimaqtarga-qatysty-oz-pikirin-aitty/