Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңында тойда автоматтан оқ атылған (видео)

Опубликовано:

Тойда автоматтан оқ атқалы жатқан ер адам
Автомат ұстап тұрған ер адам. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Желіде Қаскелеңдегі бірнеше люкс көліктен тұратын той кортежі мен автоматтан оқ атылған сәтті көрсететін видео тарады. Бұл жайтқа Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желі қолданушылары Қаскелеңдегі атышулы тойды талқылап жатыр. Той басталар кезде қонақтардың бірі қарудан біреше рет оқ атқан. Видеоны Telegram-дағы Egov.press арнасы жариялады.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның жай-жапсарын баяндап берді. Бейнежазба екі жылдай бұрын түсірілген болып шықты.

"Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба назарға алынып, зерттелді. Бұл бейнежазба 2022 жылдың жазында Қарасай ауданындағы мейрамханалардың бірінің аумағында түсірілгені анықталды", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

"Қазіргі уақытта бейнежазбадағы 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған ер адамнан АК-74 автоматы тәркіленді. Ол сол қарудан танысының тойында бірнеше рет оқ атқан", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері.

Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089481-almaty-manynda-toida-avtomattan-oq-atylgan-video/

pixel