Елордада үлескерлердің 4,3 млрд теңгесін жымқырған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды
Жарияланған күні:
Астанада үлескерлердің 4,3 млрд теңгеден астам қаражатын ұрлап кеткен күдікті Ресейден экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура ресми сайтында хабарлады.
Бас прокуратура күдіктіні Ішкі істер министрлігімен бірлесіп экстрадициялады.
"Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам үлескердің қаражатын ұрлап кеткен", - делінген хабарда.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланған.
Ал өткен жылы қарашада Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл азамат Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.
"Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында ұсталынып, қазірді таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген ақпаратта.
Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089592-elordada-uleskerlerdin-43-mlrd-tengesin-zymqyrgan-kudikti-reseiden-qazaqstanga-ekstradiciyalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.