Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: баспанасынан айырылғандарға үйдің ақшасы қолма-қол беріле ме

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: Ақорда

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға бөлінетін ақша үйлерін қалпына келтіруге немесе жаңа үй тұрғызуға жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Өнеркәсіп және құрылыс министрі су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Оның сөзіне сенсек, әкімдіктер су тасқынынан зардап шеккендер үшін дайын пәтерлер сатып ала алады, я болмаса зардап шеккен азаматтар бекітілген жобаға сәйкес, өз қалауымен баспана таңдай алады.

Әкімдіктер тіпті жөндеу жұмыстарын жүргізеді немесе олардың шығындарын өтейді. Алайда су тасқынынан зардап шеккен азаматтар тек көрсетілетін көмектің бірін ғана таңдай алады.

"Мемлекет үйге бөлінетін ақшаны ешкімнің қолына бермейді. Әр адам әр түрлі. Жауапкершілігі бар адамдар бар, жауапкершілігі жоқ адамдар бар. Қазіргі таңда егер үй тұрғызу үшін қолына қаражат берілсе және ол қаражат басқа мақсатқа жұмсалса, одан кейін қыста не істейміз? Тағы ақша береміз бе әлде тағы үй тұрғызамыз ба?

Су тасқынынан зардап шеккен әр адамның таңдауы бар: үйді қайтып тұрғызу я әкімдіктен қайталама тұрғын үй нарығынан пәтер сатып алып беру бойынша өтініш беру. Ол (су тасқынынан зардап шеккен азамат - ред.) екі таңдаудың бірін жасай алады", - деді Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар үкімет баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына қолдау көрсетіледі.

Бүгінгі таңда әкімдіктер жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмыстарын жүргізіп отыр.

Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары басталды, ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталып жатыр. Үкімет мәліметіне сүйенсек, басқа да өңірлерге көмек көрсету жұмыстары жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089601-sarlapaev-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-uige-bolingen-aqsa-eskimnin-qolyna-berilmeitinin-aitty/

pixel