Ақтауда 24 жастағы қыз жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтауда құқық қорғау органдары мен туыстары 18 сәуірде кешке қарай жоғалып кеткен 24 жастағы Керім Кәмшатты іздестіріп жатыр. Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлайды.
Басылым мәліметінше, әлеуметтік желіде 18 сәуірде кешкі сағат 22.00 шамасында Шығыс-3 ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған қызды іздестіру туралы хабарлама таралып жатыр.
"Ол ұзын, жасыл гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл күрте және ақ кроссовка киген
Қызды көргендер болса 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз", - делінген хабарламада.
Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089733-aqtauda-24-zastagy-qyz-zogalyp-ketti/