Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы заңсыз құрылыс: үкімет басшысы министрге тапсырма берді

Опубликовано:

Олжас Бектенов
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін министрлер кабинетінің отырысында Алматыда құрылыс жұмыстары кезінде көптеген заң бұзушылық деректері анықталғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Олжас Бектенов экологиялық аймақтар мен жер сілкінісі қаупі бар аймақтардағы тұрғын үй құрылысы мәселесіне тоқталды.

"Алматыда бұл аса өзекті мәселе. Былтыр құрылыс кезінде, оның ішінде таулы аймақтарда, су айдындарында және ерекше қорғалатын аумақтарда, әсіресе, құрылыс жұмыстарын күшейту мәселесі бойынша 150-ден астам заң бұзушылық дерегі анықталды. Құрылыс жұмыстарын, әсіресе сейсмикалық аймақтардағы құрылыстарды қатаң бақылауға алу мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын. Тиісті талаптар заңнамада қарастырылған және олар қатаң сақталуға тиіс", - деді премьер-министр.

Осыған байланысты премьер-министр Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бір ай ішінде заңсыз құрылыспен айналысатын құрылыс салушылар мен лауазымды тұлғалармен күресуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды.

"Оларды Құрылыс кодексінің жобасына енгізу қажет", - деді Бектенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089751-almatydagy-zansyz-qurylys-ukimet-bassysy-ministrge-tapsyrma-berdi/

pixel