Шетелдіктер Алматыдағы қылмыс статистикасына қалай әсер етті: полицейлер жауабы
Жарияланған күні:
Алматыда жыл басынан бері 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған. Шамамен 700 адам елден шығарылған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство ақпараты бойынша, Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі жыл басынан бері қалаға 23 мыңға жуық шетел азаматы келгенін анықтаған.
"Алматы – инфрақұрылымы дамыған, өзіндік мәдениеті бар шаһар, сондықтан алыс және жақын шетелдерден келген шетелдіктердің қызығушылығын оятады. Көші-қон ағыны жыл сайын артып барады. Бұл экономикаға оң әсерін тигізгенімен, жалпы қылмыстық жағдайға кері әсерін тигізіп жатыр. Яғни құқықбұзушылық саны өсіп жатыр. Ауыр қылмыстар тіркеліп жатыр.
Мәселен Алматының Түрксіб ауданында шетел азаматы өзінің танысын өлтірген. Ал Медеу ауданында Үндістан мен Пәкістанның екі азаматы синтетикалық есірткі шығаратын зертхана ұйымдастырған. Шетелдік студенттердің қатысуымен болатын төбелестер де көптеп кездеседі", - деді Алматы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ, Бутунчиновтың сөзінше, Алматыда Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп отыр.
Жыл басынан бері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 4 мыңға жуығы шетел азаматы екені белгілі болды. Сот шешімімен 682 шетелдік елден шығарылған.
Алматы полициясы елге келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауыкерегін еске салады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089775-seteldikter-almatydagy-qylmys-statistikasyna-qalai-aser-etti-policeiler-zauaby/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.