Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мүгедек балалардың еміне бөлінген қаражатты жымқыру күдігімен қоғамдық қор директоры қамалды

Опубликовано:

Ақша мен қол кісен
Ақша мен қол кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақөбеде полиция органы бірқатар жәбірленушінің More Life қоғамдық қорының директорына қатысты жазған арыздары негізінде аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR. KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен яғни, аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Қорда жинақталған қаражат мүгедек балаларды емдеуге арналған.

2023 жылы More Life қорының директоры алаяқтық жасау мақсатында жәбірленушілердің бірімен кәмелетке толмаған церебральды сал ауруы диагнозымен есепте тұрған азамат А-ның емделуіне 30 млн көлемінде қаражат жинақтауға келісім шарт жасаған.

"Жиналған қаражат 22 млн теңгеге жеткен соң, директор жәбірленуші мен кәмелетке толмаған баланы Беларусь Республикасының Минск қаласына емделуге жіберген. Алайда жәбірленуші келгеннен кейін, жинақталған қаражаттың медициналық мекеменің есеп-шотына түспегенін анықтады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер облыс прокурорының жеке қабылдауында болды.

Тергеу барысы тәжірибелі қызметкерлермен құрылған топтың қатаң бақылауына алынып, жедел-тергеу тобы құрылған.

Облыс прокурорының нұсқауымен More Life қорының директоры ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынып, оған қатысты 2 ай мерзімге "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Прокуратура қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын, зардап шеккендердің саны мен келтірілген шығын көлемі анықталатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089826-aqtobede-mugedek-balalardyn-emine-bolingen-qarazatty-zymqyru-kudigimen-qogamdyq-qor-direktory-qamaldy/

pixel