Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 мың алматылықтың өміріне қауіп төнген": Ақсай өзенінде бөгет салып жатқан мердігер мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Ақсай өзеніндегі бөгет
Ақсай өзеніндегі бөгет. Фото: t.me/qr_tjm

Ақсай өзеніне бөгет салып жатқан мердігер мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желідегі жарияланымда құрылыс компаниясының өкілі нысанның қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетсек, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексерген болатын. Тексеру нәтижесінде мердігердің аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір заңбұзушылықтар анықталған. Соның салдарынан Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төнгені айтылды.

Министрлік Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс қозғағанын, мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Осыған байланысты "Tolagai-2050" құрылыс компаниясының Instagram-дағы парақшасында "Қазселезащита" ММ басшысының Ақсай өзені шатқалындағы бөгет құрылысы туралы айтқан ақпаратына түсініктеме берген ақпарат пайда болды.

"ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысы Ахметов Арман Төлегенұлы 2024 жылғы 12 сәуірде "мердігердің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты объектінің құрылысы тоқтатылды" деп мәлімдеді, бұл қате ақпарат және ТЖ министрі Ч.С. Аринов пен жұртшылықты жаңылыстырады.

Нысан жобалық құжаттаманы түзетудің мемлекеттік сараптамасынан өтпеуіне байланысты тапсырыс берушінің атында Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ұйғарымы бойынша тоқтап тұр.

ҚР "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңының 9-1-тарауының 64-1-бабының 7-тармағына сәйкес, жобаның мемлекеттік сараптамасын тек құрылысқа тапсырыс беруші – "Қазселденқорғау" ММ ғана өткізе алады.

Нысан бір жылдан астам уақыт тоқтап тұрды. Тапсырыс беруші объектіні консервациялау және жобаны түзетудің мемлекеттік сараптамасынан өту бойынша ешқандай шараларды осы күнге дейін жүргізбейді.

Қазіргі уақытта тапсырыс берушіде мемлекеттік сараптамаға тапсыруға арналған құжаттардың толық пакеті бар және жобаның мемлекеттік сараптамасынан өтуге ешқандай кедергі жоқ.

Алайда тапсырыс беруші өзінің тікелей міндеттерін орындаудың орнына жауапкершілікті мердігерге ысырып ққоюға тырысады.

Өз тарапымыздан объектінің жұмысқа қабілетін қамтамасыз ету мақсатында бір жылдан астам уақыт бойы бүкіл объектіні ұстап, объектіні өз есебімізден күзетеміз.

Біз нысанның құрылысын 89%-ға орындадық және жобаны түзетудің мемлекеттік сараптамасының қорытындысы шыққаннан кейін және егер бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, біз тапсырыс берушімен және автормен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", - деді "Tolagai-2050" ЖШС өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090108-30-myn-almatylyqtyn-omirine-qauip-tondiredi-degen-bogetke-qatysty-merdiger-malimdeme-zasady/