"Өмірі үшін алаңдаулы": Нүкенова көз жұмған күні Бишімбаевпен сөйлескен көріпкелден сотта жауап алынды
Жарияланған күні:
Астанада әйелін азаптап өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бүгін сотта Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні айыпталушы хабарласқан көріпкелден жауап алынып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сот отырысы барысында прокурор қатысушыларға куәгердің өтінішін жеткізді. Көріпкел оны видеоға түсірмеуге және одан жауап алуды жабық режимде өткізуді сұраған.
"Е. есімді азаматша өзінен жауап алуды БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз жабық сот отырысында өткізу жөнінде өтініш білдірді. Ол өз өмірі үшін алаңдаулы. Сөзінше, оған қысым көрсетіліп, әлдекімдер оны қорқытып жатыр", - деді прокурор.
Алайда жәбірленуші тарап пен Бишімбаевтың адвокаттары бұған келіспей, келіншектен өзге куәгерлерден секілді ашық түрде жауап алыну керек екенін айтты.
Судья көріпкелдің түрін көрсетуге және оның жеке ақпаратын БАҚ беттерінде жариялауға тыйым салды. Көріпкел сот отырысына видео байланыс арқылы қосылды. Қатысушыларға тек оның дауысы ғана естіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090138-bisimbaev-xabarlasqan-koripkel-ozin-aldekimder-qorqytyp-zatqanyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.