Тоқаев Семей іргесіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру бастамасын қолдады
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында айтты.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады", - деп жазды ол.
Айта кетсек, бұған дейін Абай облысының әкімдігі "Таза Қазақстан" акциясы аясында Семей қаласы мен Бородулиха ауданының жүздеген тұрғыны жаңа көшеттер отырғызу үшін "Семей Орманы" қызметкерлері дайындаған учаскелерге барғанын хабарлады.
Сол күні 5 гектар алқапқа 23800 түп қарағай көшеті отырғызылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090153-toqaev-semei-irgesindegi-ortengen-qaragaily-ormandy-qalpyna-keltiru-bastamasyn-qoldady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.