Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әлдекім халық көп жиналатын Арбат көшесінде бұрыш баллонын шашқан (видео)

Опубликовано:

Арбаттағы жаяу жүргіншілер
Арбаттағы жаяу жүргіншілер. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Желіде Алматыдағы Арбатта бұрыш баллоны шашылғаны, салдарынан адамдардың жөтеліп жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған видео Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланған. Видеодан Алматыдағы Арбатта жиналған адамдардың барлығы мұрнын жауып, жөтеліп жатқанын, сонымен қатар демалыс орнынан асығыс кетіп жатқанын көруге болады.

"Бәзбіреулер Арбатта белгісіз затты сеуіп жіберген", - делінген видео сипаттамасында.

Полиция видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп отыр. Қоғамдық жерде бұрыш баллонын кім шашқаны анықталып жатыр. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады", - делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090174-almatyda-halyq-kop-zhinalatyn-arbat-koshesinde-burysh-ballony-sebilgen-video/

pixel