Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да қуаты 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Опубликовано:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: Furchin/Getty Images

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қуаты 2 балдық жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде орналасқан.

"2024 жылғы 24 сәуірде Алматы уақытымен 11 сағат 19 мин 45 сек (2024 жылғы 24 сәуірде Гринвич бойынша 06 сағат 19 мин 45 сек) жер сілкінісі тіркелді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Зайсан ауданы, Тасбастау ауылы 2 балл", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9. Магнитудасы MPV 4.4.

Эпицентрдің координаттары 47.16° С. Е. 84.78° ш. б. Тереңдігі 5 км.

Жер асты дүмпуінен зақым келген ғимараттар мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090207-shqo-2-baldyq-zher-silkinisin-tirkeldi/

pixel