Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде балконның терезесінен аяғын салбыратып отырған бала тұрғындарды шошытты (видео)

Жарияланған күні:

Терезеден қарап тұрған бала
Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде 6 жасар бала көпқабатты үйдің балконының терезесінен аяғын шығарып, көшеге қарап отырған. Оқиға куәгерлері полиция шақырған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

24 сәуірде куәгерлер 6 жасар баланың үшінші қабаттағы балконның терезесінде отырғанын көріп, полицияға қоңырау шалды.

Бұл жерге ювеналдық полиция қызметкерлері барып, ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбеде жыл басынан бері 3 бала абайсызда терезеден құлап кеткен.

Мәселен, 18 сәуірде Абай даңғылындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатының терезесінен 2 жасар қыз құлап кетті.

"Бұл кезде ата-анасы жұмыста болған, ал бала бес жасар әпкесінің қасында қалған. Қазіргі таңда жарақаттанған бала ауруханада жатыр", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090210-aqtobede-balkonnyng-terezesinde-aiagyn-salbyratyp-otyrgan-bala-turgyndardy-shoshytty-video/