Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үш адам қаза тапқан автобус апатына қатысты атышулы іс: сот отырысы онлайн көрсетіледі

Опубликовано:

Автобус адамдарды қағып кеткен жер. Алматы
Автобус адамдарды қағып кеткен жер. Алматы. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, есінен тандырған ер адамға қатысты сот процесі онлайн көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы сот Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтыр айыпталып жатқан ер адамға қатысты кезекті сот отырысы өтеді.

Жоғарғы сот отырысқа қоғамның қызығушылығын ескеріп, соттың онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Сот отырысы бүгін, 24 сәуірде сағат 15.00-де өтеді. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы соттың YouTube-арнасында көрсетіледі. Трансляция сілтемесі қосымша берілетін болады.

Еске салайық, былтыр 22 желтоқсанда Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус бір топ адамды қағып кеткен болатын. Кейін полиция өкілдері автобус жолаушысы жүргізуші әйелді соғып, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын, бұл жол-көлік апатына әкеп соқтырғанын хабарлады. Салдарынан автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090228-almatydagy-avtobus-apatyna-qatysty-atyshuly-is-boiynsha-sot-otyrysy-onlain-korsetiledi/

pixel