Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәрменсіз күйін пайдаланған": Алматыда таныс қызын зорлаған тұрғын 5 жылға сотталды

Опубликовано:

Судья қағазға қол қоюда
Судья. Көрнекі фото: Рexels.com

Алматы қаласы Медеу аудандық соты танысын зорлады деп айыпталған азаматқа үкім шығарды. 34 жастағы тұрғын бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алматы сотының Telegram-дағы арнасы.

Алматы қаласы Медеу аудандық №2 соты 34 жастағы тұрғынның зорлау ісі бойынша сотқа түскен қылмыстық ісін қарады. Іс жыныстық қылмысқа байланысты болғандықтан, процесс жабық түрде өтті.

"2023 жылдың 9 наурызына қараған түні К. қаланың түнгі клубтарының бірінде демалып, құрбыларымен жүрген танысы О-мен кездескен. Бұдан кейін К. оны үйіне шығарып саламын деген сылтаумен өз пәтеріне әкеледі.

Әрі қарай жәбірленушінің дәрменсіз күйін (алкогольдік мас болу) пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсетіп, жәбірленушінің еркінен тыс жыныстық қатынас жасаған", - делінген сот хабарламасында.

Сот мәліметіне сүйенсек, тұрғын өз кінәсін мойындамаған. Ол соттан өзін ақтауды немесе бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды өтінген. Ал прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруды сұраған.

"Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптамалардың қорытындылары, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді", - деді сотта.

Сот үкімімен қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090312-darmensiz-kuiin-paidalangan-almatyda-tanys-qyzyn-zorlagan-turgyn-5-zhylga-sottaldy/

pixel