Ақтаудағы жағымсыз иіс қайдан келуі мүмкін: мамандар жауап берді
Жарияланған күні:
Ақтау тұрғындары қалада бірнеше күннен бері күйік иісі шығып тұрғанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы экология департаментінің желілік басылымға берген жауабы бойынша, бұған Астрахань облысындағы қамыс өрті мен қоқыс полигонындағы өрт себеп болуы мүмкін.
"Жыл сайын осы кезеңде Астрахань облысында қамыс өртенетіні үйреншікті жайтқа айналды. Иіс көрші Атырау мен Маңғыстау облысында байқалады.
Екінші болжамымыз – жақында ғана Баянды ауылындағы қоқыс полиогоны үш рет өртенді. Күйік иісі Ақтау қаласы бойынша әр ауданда әр түрлі деңгейде байқалады. Алдағы уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп, полигон тиесілі мекемеге айыппұл салынады. Қазір жағымсыз иістің шамадан тыс артуы бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр. Нәтижесі қосымша хабарланады", - деді департамент өкілдері.
Ведомство өкілдері "Маңғыстау Жылу" мекемесіне қарасты қоқыс полигонына жедел шолу жұмыстарын жүргізген. Полигонның санитарлық қорғау аймағының атмосфералық ауасына өлшем жұмыстары жүргізіліп, ауада күйенің (сажа), азот оксиді, көміртегі оксидінің шамадан тыс артқаны тіркелген.
Қазір тиісті зертханалық хаттамалар толтырылып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090375-aqtaudagy-zhagymsyz-iis-qaidan-kelui-mumkin-mamandar-zhauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.