Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрғын жайға айналдырған": Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің тұтас бір қабаты жойылатын болды

Опубликовано:

Астанадағы тұрғын үй құрылысының жұмыстары
Астанадағы тұрғын үй құрылысы. Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің 12 пәтері түгел сүріледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің техникалық қабаты тұрғын үйге айналған. Сол себепті ең төменгі қабатты сүрлеу шешімі қабылданды.

"Елімай Сити" тұрғын үй кешенінің құрылысына тапсырыс беруші техникалық қабатты тұрғын үйге айналдыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, бекітілген жобадан ауытқыған.

Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс жұмыстарымен айналысқан компанияға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, заң бұзушылықты жою туралы шешім қабылдады", - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство ақпараты бойынша, құрылыс компаниясы аталған құрылыс нысанының қабатын бекітілген жұмыс жобасына сәйкес қайта қалпына келтіруді талап етіп, Астана сотына арыз талап жолданған. Құрылыс жобасы бұған дейін барлық сараптамадан өткен.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, құрылыс жұмыстарын жүргізген компания қазір заңсыз салынған қоршау құрылымдарын демонтаждау жұмыстарын бастады – салынып жатқан тұрғын үй кешенінің екі блогында 12 пәтердің барлығы демонтаждалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090405-turgyn-zhaiga-ainaldyrylgan-astanada-salynyp-zhatqan-turgyn-ui-keshenining-tutas-bir-qabaty-zhoiylatyn-boldy/

pixel